Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Халықаралық білім көрмесіне қатысты.

12/11/2018

Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы 2018 жылдың 10-11 қараша аралығында Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында ҚР Білімжәне ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған Халықаралық білім көрмесіне қатысты.

Көрмеге Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығынан бөлек Түркия және басқа да елдерден көптеген жоғарғы оқу орындары қатысты.КөрмедеТүркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының стендіне келді.

Орталығымыз 2018 жылдың 17 қарашасында Алматы қаласында жалғасатынхалықаралық білім көрмесіне де қатысады.