Түркия мен Қазақстан арасында «Мәдени орталықтарды құру және олардың қызметі туралы келісімге» қол қойылды

14/09/2018

Ресми сапармен Түркияға келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоган Анкарада алдымен жеке кездесті. Кездесуден кейін  екі ел Президенттері Ердоганның төрағалығымен өткен «Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің (ЖДСЫ)»  үшінші отырысына қатысты.  Осы басқосулардан кейін Ердоган мен Назарбаев БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

"Түркия мен Қазақстан қарым -қатынастарының ең жоғарғы деңгейге шығуы үшін күш саламыз"

Президент Ердоган Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге БАҚ өкілдеріне арнап өткізген брифингте сөйлеген сөзінде: «Түркия –Қазақстан қарым -қатынастарының ең жоғарғы деңгейге шығуы үшін алдағы кезеңде бар күшімізді саламыз. Қазақстанмен қол жеткізген екіжақты ынтымақтастықпен қоса Түркі Кеңесінің жұмыстарына да үлес қосу туралы ортақ келісімімізге тағы да тоқталып өттік» деді.

 «Түркия Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктестерінің бірі»

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктестерінің бірі екенін баса айтып өтті. Назарбаев өз сөзінде «ортақ тарих пен рухани мұраға негізделген қарым-қатынастың өрістей түскенін, бүгінгі келісімдердің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ашық көрсеткіші екенін» айта келе, «Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығының  барлық салада ілгерілеп, дамуы үшін барлық потенциалға ие екенін» атап көрсетті.

 

Түркия мен Қазақстан арасында 5 келісім құжатына қол қойылды

Президенттік Сарайда БАҚ өкілдеріне арналған брифингтен бұрын Ердоган мен Назарбаевтің қатысуымен екі ел арасында 5 келіссөзге қол қою рәсімі болды.

Әскери –техникалық, экономикалық және ауылшаруашылығы салаларындағы келіссөздермен қоса қос ел арасындағы достық пен ынтымақтастыққа елеулі үлес қосу мақсатында «Мәдени орталықтарды құру және олардың қызметі туралы келісімге» де қол жеткізілді.  Аталған келіссөзге Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Ерсой мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қол қойды.