Профессор Мелахат Бильге Демиркөз Қазақстанға келеді!

Түркия Республикасы Президенттік әкімшілігінің патронаждығымен Юнус Эмре институты тарапынан жүргізіліп отырған "ТАБИП" жобасы аясында Таяу Шығыс техникалық университетінің профессоры Мелахат Бильге Демиркөз Қазақстанға келеді. 

Демиркөз Астана қаласындағы Назарбаев университетінде, Түркістан қаласындағы Халықаралық Қазақ -түрік Қожа Ахмет Ясауи университетінде және Алматыда Қожа Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразиялық зерттеу институтында «Түркияда ғарыштық радиация тестерін жасау жобасы: CERN-мен ынтымақтастық» атты конференция өткізеді. Астанадағы конференцияға қатысуға тілек білдірушілер орталығымызға хабарласып есімдерін жазғызу керек. 

Күні: 24 қыркүйек 
Уақыты: 12.00
Өтетін орны: Мекен-жай: Астана қ., Қабанбай батыр көшесі 53, Назарбаев университеті, Физика бөлімі, 7е.329 аудиториясы 
Тел: 8 777 533 91 30