Профессор доктор Мелахат Білге Демиркөз Қазақстанда

25/09/2018

Түркия Республикасы Президенттік әкімшілігінің патронаждығымен Юнус Эмре институты тарапынан жүргізіліп отырған "ТАБИП" жобасы аясында Қазақстанға келген профессор доктор Мелахат Білге Демиркөз Астанада «Түркияда ғарыштық радиация тестерін жасау жобасы: CERN-мен ынтымақтастық» атты конференция өткізді.

Конференция Түркияның ғылыми әлеуетін таныта отырып, бауырлас елдің ғалымдары және мамандарының өзара ынтымақтастығын арттыруды көздейтін "ТАБИП" жобасы аясында Юнус Эмре институты ұйымдастыруымен, Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Қазақстанның ең таңдаулыбілім орындарының бірі болып табылатын Назарбаев университетінде өтті. Ғалымдар мен студенттерге арналган конференциядаТүркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы директорының м.а. Алмагүл Исина және түрік дипломаттарымен бірге әр түрлі университеттерден көптеген профессор мен оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. 

Коференцияда Назым Хикметтің «я өлі жұлдыздарға алып барамыз өмірді, я өлім жер бетіне түседі» сөздерінен шабыт алғанын айтқан профессор Демиркөз ғарыш зерттеу саласында CERN-де және Түркияда жасалған жұмыстар жөнінде ақпарат беріп тәжірибесімен бөлісті. Профессор Демиркөзконференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Назарбаев университеті Физика бөлімінің басшысы профессор Vassilios Kovanis конференцияның өте пайдалы болғандығын мәлімдей отырып, профессор Демиркөзге алғысын білдірді.

Түрік елінде әлемнің ең үздік университеттерінің ғарышқа қатысты зерттеу жұмыстарына атсалысып жүрген көптеген жас мамандар мен ғалымдар бар. Солардың бірі –  Массачусетс технологиялық институты(MIT) мен Оксфорд сияқты әлемнің ең үздік университеттерінде білім алған  жас профессор, Швециядағы Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-дегі Түркияның  өкілі Білге Демиркөз ханым. 

Сонымен қатар  Юнус Эмре Институтының Ғылымикеңес мүшесі болып табылатын М.Білге Демиркөз ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібівице-министріШаймергенов Тимур және Қазақстан  ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мәлік Олжабековпен кездесіп, Түркия мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастық жөніндегі мүмкіндіктерді талқылады.

Профессор доктор Мелахат Білге Демиркөздің Қазақстанға сапары алдымыздағы күндері Түркістан мен Алматы қалаларында жалғасады.