Астанада түрікше курстардың күзгі семестрі басталды

11/09/2018

Астана Юнус Эмре институтында 2018-2019 оқу жылының 3 семестр курстары басталды. 2018 жылғы 10 қыркүйектен 2019 жылғы 1 тамыз аралығын қамтитын күзгі семестр курстарының А1 деңгейінде 32 студент түрік тілін үйренуде, ал А 2 деңгейінде 42,  ал В2 деңгейінде болса 8, жалпы 50  студент түрік тілін жетілдіру мақсатында Астана Юнус Эмре институтында білімдерін жалғастыруда.

72 сағатты құрайтын курсымыз аптада 3 күн 3 сағаттан, жалпы 4 семестрден тұрады. Орталығымыз кешкі уақытта да түрік тілінен білім алғысы келетіндерге мүмкіндік ұсынады. 2010 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан Астана Юнус Эмре институты бүгінгі күнге дейін 3000 астам әр түрлі жас аралығындағы түрлді мамандық иелеріне түрік тілінен білім беріп, қазіргі таңда 82 білім алушымен курстарды жалғастыруда, сонымен қатар түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда