Астанада Түрік садақ ату курсының 2 маусымы басталды

14/11/2018

Астана қаласында «Алатау» спорт кешенінде Түркия Садақшылар қоры мен Юнус Эмре институтының ортақ «Кеманкеш» жобасы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі түрік садақ ату курсы басталды.

Түрік мәдениеті тарихының негіздерінен бірі болып табылатын садақ ату дәстүрін бүкіл әлемге таныту және ата-бабамыздан келе жатқан осы спорт түріне жаңа спортшыларды баулуарқылы мәдениетаралық байланыстарды дамытуды көздеген жобаның 2 кезеңі астаналықтардың қызығушылығын тудырды.

Түрік садақ ату спортына қызығушылық танытқан кез келген тілек білдіруші қатыса алатын курс 36 сағаттық оқу бағдарламасынан тұрады, аптасына 2 рет өткізіледі. Курс «Түрік садақ ату» оқу жоспары негізінде дайындалған материалдар мен түгелі қолдан жасалған садақ ату құралдарымен жабдықталған арнайы сыныптарда өтеді. Түрік садақ атудың базалық білімі Түркияда білім алған қазақ спортшылары тарапынан үйретіледі.

2019 жылдың 7 ақпанына дейін жалғасатын курстың соңында жарыс ұйымдастырылып,  1 орын алған 2 қатысушы Түркияда өтетін халықаралық жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.