Астанада «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтарының қарым- қатынастарының құжаттары» көрмесі ашылды

26/05/2018

«Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтарының қарым- қатынастарының құжаттары» атты көрме Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 15-23 мамыр аралығында Ұлттық музейде Қазақстан Ұлттық музейінде болды. Ұлттық архив те қолдау көрсеткен көрмеге Түркия Республикасы Ұлттық мұрағат басқармасы тарапынан 40 құжат Астаналықтарға ұсынылды.

Аталмыш құжаттар арасында төмендегі маңызды хаттар болды:

- Еліне қайтқан елші Сәйітқұл Бахадыр арқылы Сұлтан III. Ахметтің Қазақ ханы Қайып Мұхаммед ханға жолдаған достық және игі ниетін білдіретін хаты, 1713 жылғы 21 тамыз;

- Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің   Сұлтан III. Ахметке жолдаған он бөлек сый-сияпат тіркелген дәптердің көшірмесі (1713 жылғы  21 тамыз);

-Қазақ ханы Қайып Мұхамметтің елшісі Сейіт Мұхаммедқұл бей тапсырған хаттың аудармасының көшірмесі (1714 жыл 16 қаңтар);

- Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің  елшісі Мұхаммед құлдың ауызша сәлемінің қағазға түсірілген нұсқасы (1714 жылғы 16 қаңтар);

-Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтен келген хаттың көшірмесі (1716 жылғы  14 желтоқсан).

Көрмеден бір күн бұрын 14 мамырда Қазақстан Ұлттық архиві «Османлы архиві таныстырылымы» атты дөңгелек стол жиынын өткізді.  Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив ісі және құжаттама департаментінің директоры Әлия Мұстафина,  Түркия Республикасы Ұлттық архивінің директоры, профессор Угур Үнал, ҚР Ұлттық музей директорының м.а Абай Сатубалдин, Сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Асылхан Садуов, Түркияның Қазақстандағы елшілік қызметкерлері, Юнус Эмре институтының өкілдері, ҚР Ұлттық архив қызметкерлері, ғалымдар, қазақ және түрік бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Көрменің ашылу салтанаты 15 мамырда болды. Ашылу рәсіміне Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Түркия Республикасы Ұлттық архивінің директоры профессор Угур Үнал, ҚР Ұлттық музей директорының м.а Абай Сатубалдин, Халықаралық Түркі академиясының президенті профессор Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Парламентінен көптеген сенаторлар мен депутаттар, Астанадағы дипломатиялық миссия өкілдері, ғалымдар мен оқушылар келді. Елорда халқы тарихи жәдігерлерді 23 мамырға дейін тамашалады. Құжаттар сондай –ақ  18 мамырда 25 мың кісі тамашалаған Халықаралық музей күні де ашық болды.

Көрмеге қазақ БАҚ өкілдері үлкен қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан ҰТА –нда жарияланған «Таңшолпан» бағдарламасына Түркия Республикасы Ұлттық мұрағат басқармасы директоры профессор Угур Үнал мен Астанадағы Юнус Эмре институтының директорының м.а Алмагүл Исина қатысты. 24 KZ Khabar телеарнасының «Мәдениет жаңалықтары» атты бағдарламасында сюжеттер дайындалып, көптеген газеттер мен порталдарда көрме туралы мақала жазылды.