Алматыда Османлымұрағат құжаттарының қөрмесі ашылды

21/11/2018

2018 жылдың 15 мамырында Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы тарапынан ашылған  «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым –қатынастарының құжаттары» атты көрме Ахмет Ясауи атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Түркия Республикасы мемлекеттік мұрағаттар басқармасы мен Қазақстан Республикасының орталық мұражайының қолдауымен Алматы қаласында да жалғасын тапты.

Көрменің ашылу рәсіміне Түркияның Қазақстандағы бас консулы Рыза Каган Йылмаз,Ахмет Ясауи атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сумер мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы директорының м.а. Алмагүл Исина және басқа да көптеген қонақтар қатысты. 

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының орталық мұражайында ашылған көрмеге Түркия Республикасы мемлекеттік мұрағатынан алынған  Осман мемлекеті мен Орта Азия хандық­тарының қарым-қаты­насын баяндайтын 40 құжат қойылды.

Көрмеге қойылған құжаттар арасында Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің Осман империясының сұлтаны ІІІ Ахметке 1713 жылы жолдаған хаты мен басқа да құжаттар көрермендердің назарына ұсынылды.

Көрме 29 қарашаға дейін жалғасады.