АЛМАТЫДА БІЛІМ КӨРМЕСІ ӨТТІ

29/11/2018

Астана Юнус Эмре институты Қазақстан Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық бағдарламалар орталығы бірлесе отырып 10-11 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында, сондай -ақ 17 қарашада Алматыдағы «Риксос» қонақүйінде өткізген Халықаралық Білім көрмесіне қатысты.

Түркиямен қатар көптеген елдің университеттері қатысқан шарада Юнус Эмре институты халықаралық стандарттарда дайындалған оқу материалдарын танытты. Стандқа келушілерге әртүрлі жас пен мамандық иелеріне арналған түрікше курстар туралы мағлұматтар берілді. Тіл үйрететін курстармен қоса институт тарапынан өткізілген мәдени шаралар мен жобалар да  келушілерге танытылды. Келушілер сондай –ақ  Юнус Эмре институты мен бір стандты бөліскен Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы тарапынан Түркия грандтары туралы мәліметтер алды.  

Шамамен бес мың кісі қатысқан көрмеде Юнус Эмре институты мен Түркия университеттеріне деген қызығушылық өте жоғары болды.