Түрік мәдениетімен танысыңыз

Түрік мәдениетімен танысыңыз

Юнус Эмре институты қысқа мерзім ішінде көптеген тыңғылықты іс-шаралар өткізіп, оның  алуан түрлілігіне қол жеткізді. Бай мәдени мұраға ие Түркияның дұрыс бағытта және өкілетті өкілдері арқылы танытылуына институтымыз баса көңіл бөледі. Іс-шараларымыз еліміздің таңдаулы және бай мәдени тәжірибесін шетелдерде таныту мақсатымен  жоспарлануда.

Түркия әлемде негізінен тарихымен танымал ел. Бір жағынан тарихымыздан нәр ала отырып, бай мәдени мұрамызды танытуды көздесек, екінші жағынан заманауи өнер мен мәдениет ағымындағы өзекті жаңалықтарға да мән береміз. Ежелгі дәстүріміздің мәдени кодтарын қазіргі заманның өнерімен сабақтастырып кең ауқымды мәдени перспектива ұсыну үшін еңбек етіп келеміз.

Түрік әдебитетінің  өшпес із қалтырған жазушыларының бірі Ахмет Хамди Танпынар үнемі өзгеріп жаңалану қажеттігін айтқан. Табиғатта барлық нәрсе өзгеруге тиісті, ал тіршілік өзгеруге, жаңалануға міндетті. Дегенмен бұл өзгеріс өз бағытында болған жағдайда ғана жалғасын таба алады. Ахмет Хамди Танпынар бұған «жалғаса отырып өзгеру, өзгере отырып жалғасу» деп түсіндіреді. Мәдени сабақтастықтың тоқтап қалмай жаңа қарқынмен дамуы үшін дәстүр мен жаңашылдықтың бірге жүзеге асуы тиіс.

Юнус Эмре институты Танпынар айтқанындай, «жалғаса отырып өзгеріп, өзгере отырып жалғасып» келеді. Салт-дәстүрімізден шабыт алып қазірігі заманның қоғамына үздіксіз дамитын және өзгеріп отыратын мәдени мұрамызды ұсынып, туған жерімізге қатысты барлық нәрсені жеткізуге тырысамыз. Қорқыт атаны Вагнермен, Юнус Эмрені Верленмен, Бакиді Гетемен кездестіріп, өзімізді таныта отырып өзгелерді тануға тырысамыз. Біз тек өз құндылықтарымызды емес, сонымен қатар басқа ұлттардың да құндылықтарын танып түсінуге, осылайша бір-бірімізді жақыннан танып білуге тырысамыз.

Осы тұрғыдан шетелдік мәдени ұйымды өз елінде қонақжайлық танытып отырған елдің мәдениеті мен мәдени құндылықтары да біз үшін өте маңызды. Үй иесі мен қонақ арасында достық қарым-қатынас орнату үшін екі жақтың арасында мәдениеттердің өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін шараларға қатысып, ортақ шараларды жүзеге асырамыз. Мақсатымыз тек таныту емес, сонымен бірге танып білу.

Институтымыз тек Түркиялық мәдениет қайраткерлерін емес, сонымен қатар бұрын- сонды немесе қазіргі таңда Түркиямен қарым- қатынасы бар өнер адамдарын, ойшыл, ғалымдарды да танып білуді көздеп осы шеңберде шаралар өткізілуде. Іс-шара өткізілген барлық жерде мәдени ынтымақтастық пен ортақ жұмыстарға  үлкен көңіл бөлеміз.  Ортақ іс-шаралар мәдени алыс-беріс пен мәдениеттердің өзара әрекеттестігін ең жылдам және ең тиімді жүзеге асатын платформа екеніне шын көңілден сенеміз.

Мақсатымыз -өзгеріп жатқан дүниеде еліміздің мәдени және ғылыми қазынасын халықаралық сахнаға паш ету және басқа елдердің тәжірибесін де өз елімізге әкелу.  Мәдени және ғылыми тұрғыдан бір-бірімізбен бөлісіп, тәжірибе алмасу барлық жағынан пайдалы және құнды болатынына сенеміз. Осыған байланысты Қорқыт атаны Вагнермен, Юнус Эмрені Верленмен, Бакиді Гетемен кездестіруді жалғастырамыз.