Төрағаның жолдауы

Төрағаның жолдауы

Төрткүл дүниеге сәлем!

2009 жылдан бастап Юнус Эмре қорына қарасты жұмыс істеп келе жатқан Юнус Эмре институты Түркияны, түрік тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениеті мен өнерін таныту, Түркия мен әлем мемлекеттері арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайту жұмыстарын 46 елде ашқан 56 мәдениет орталықтары арқылы жүргізуде.  

Анадолыдағы ірі өркениеттерді бауырына баса отырып, осы елдің мәдени мұрасын әлемнің әртүрлі нүктелеріне танытуға күш салатын Түркияның мәдениет ұйымы Юнус Эмре институты түрікшенің әлемде насихатталуы, тарихи және мәдени мирасымыздың танытылуы жолында ереше роль атқаруда.

Институтымыз адами қүндылықтар, адами сүйіспеншілік пен қоғамдағы бейбітшіліктің тәмсілі, Анадолы сопылық ойшылдық мектебінің өкілі Юнус Эмренің есімімен аталады. Мәдени орталықтарымыз осы сара жолмен әлемнің шар тарабында тіліміз мен мәдениетімізді танытуға дәнекер болуда.

Түркияның мәдени дипломатиясы саласындағы тұлғасы ретінде қызметін жалғастырып жатқан институт Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, 2023 жылы мәдениет орталықтарының санын 100-ге жеткізуді, түрікше үйретуді,  мәдени және өнер шараларымен әлемдік қауымдастықтың Түркияны жақыннан тани түсуіне және оң қайнаркөздерден тануына сеп болуды, мәдениетаралық ықпалдастыққа негізделген өзара іс қимыл арқылы әлемдік мәдениет мұрасына өз үлесін қосуды көздейді.

Осы орайда институтымыз түрлі ұйымдармен ынтымақтастық орната отырып ғылыми және мәдени шараларды қолдау, нәтижелерін әртүрлі басылымдар арқылы әлемдік қауымдастықпен бөлісу және сол арқылы әлемдік мәдениеттер арасында көпір құру идеалдарын қызығушылықпен жүргізуде.

Ізгі ниет және құрметпен,

Профессор Шереф Атеш