Емтихан тапсырыңыз

Емтихан тапсырыңыз

1. Түрік тілінен аттестациялық емтихан (TYS) деген не?

Түрік тілін шет тілі немесе ана тілі ретінде үйренгендердің тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған Юнус Эмре институты тарапынан  жетілдірілген, негізгі тілдік қабілеттерді толықтай өлшейтін және халықаралық ауқымда жүзеге асырылатын емтихан.

2. Түрік тілінен аттестациялық емтиханын (TYS) кімдертапсыра алады?

Түрік тілін шет тілі ретінде оқып жатқандар, Түркия университеттеріне өтініш білдіріп қабылдануы үшін түрік тілінен аттестациялық құжат алғысы келетін студенттер, шетелде түрлі ұйымдарда түрік тілін оқытқысы келетін оқытушылыққа үміткерлер, түрік тілінен аттестациялық құжат алғысы келген аудармашылар;  қысқасы, түрік тілін жетік меңгергенін бағалағысы келгендердің барлығы TYS емтиханын тапсыра алады.

3. Түрік тілінен аттестациялық емтиханды (TYS) не үшін тапсырады?

Түрік тілінен аттестациялық емтихан - тілдік дағдыларды өлшейтін және анықтайтын  емтихан. Түрік тілінен аттестациялық емтиханды сәтті тапсырғандар Түркия университеттерінде  түрік тілі дайындық курсынан босатылуы мүмкін; көптеген жағдайда жұмысқа орналасу кезінде тілдік емтихан тапсырмастан түрікше білетінін дәлелдей алады, академиялық карьерасында қолдана алады.  

4. Түрік тілінен аттестациялық емтиханға (TYS) қалай өтініш білдіруге болады?

Үміткерлер Анкарадағы Юнус Эмре институтына, шет елдерде Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталықтарына өзі барып емтиханға өтініш бере алады.

5. Түрік тілінен аттестациялық емтихан (TYS) қандай бөлімдерден тұрады?

Халықаралық үлгіде дайындалған түрік тілінен аттестациялық емтихан (TYS) оқу, тыңдау, жазу мен сөйлеу (дербес сөйлеу, өзара сөйлеу) бөлімдерінен тұрады.Оқу, тыңдау, жазу мен сөйлеу дағдыларын өлшейтін емтиханды сәтті тапсырған үміткерлерге түрік тілінен аттестациялық құжат беріледі.

6. Түрік тілінен аттестациялық емтихан (TYS) қанша сұрақтан тұрады?

Түрік тілінен аттестациялық емтихан (TYS) оқу бөлімі  40, тыңдау бөлімі 30, жазу бөлімі 2, дербес сөйлеу 1, өзара сөйлеу 7 бола отырып, жалпы алғанда 80 сұрақтан тұрады.

7. Түрік тілінен аттестациялық емтихан(TYS) қалай өткізіледі?

Емтихан екі отырыста өткізіледі. 1- отырыста: оқу, тыңдау мен жазу бөлімдерінің сұрақтарына, ал 2-отырыста дербес сөйлеу мен өзара сөйлесу бөлімдерінің сұрақтарынажауап беру керек

8. Түрік тілінен аттестациялық емтиханды (TYS) тапсыруға берілетін уақыт.

Түрік тілінен аттестациялық емтиханды (TYS) тапсыруға берілетін уақыт;  оқу бөлімі бойынша 60, тыңдау бөлімі бойынша 45, жазу бөлімі бойынша 60, дербес сөйлеу бойынша 5, өзара сөйлесу бойынша 10 минут;  жалпы 180 минут беріледі.

9. Түрік тілінен аттестациялық емтиханы (TYS) жылына неше рет өткізіледі?

Түрік тілінен аттестациялық емтиханы (TYS) қаңтар, мамыр, қыркүйек айларында жылына 3 рет өткізіледі.

10. Түрік тілінен аттестациялық емтиханның (TYS) үлгісін қайдан көруге болады?

Түрік тілінен аттестациялық емтиханның (TYS) үлгісін www.turkcesinavi.com сайтынан жүктей аласыздар.