Қазақстанда Түрік садақ ату курсы басталды

05/02/2018

Юнус Эмре институты мен Садақшылар қоры тарапынан ұйымдастырылып отырған «Садақшы» жобасы аясында Қазақстанның бас қаласы Астанада «Түрік садақ ату» курсы басталды.

40 –тан астам қазақ спортшының қатысуымен Алатау спорт комплексінде ашылған курстың алғашқы сабағында түрік садағының тарихы мен жалпы ережелері түсіндірілді. Курсқа қатысушылар Түркияда түрік садақ ату өнерінің қыр сырын үйреніп келген қазақ бапкерлер берген сабақтан кейін нысанаға садақ атып көрді.

 «Қатысушы саны бұдан әрі арта түседі»

Анадолы агенттігіне курсқа қатысты интервью берген Астана Юнус Эмре институтының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина «курстың 16 елде ашылғанын және Астанада аптада 2 күн өтетінін, бағдарламасының 36 сағаттан тұратынын» айтты.

 «3 қазақ бапкердің Түркияда садақ ату курсын бітіріп келгеннен кейін 40-тан астам қазақ спортшыға сабақ бере бастағанын» тілге тиек ете отырып Исина сөздерін былай  жалғастырды: «Курсқа қатысушыларға түрік садақ ату өнерінің негізі үйретіледі. Мақсатымыз түрік садақ спортын Қазақстанда насихаттау болып табылады. Курсты үздік нәтижемен аяқтаған спортшылар Юнус Эмре институты Түркияда өткізетін  бір айлық Жазғы түрікше курсына қатысу мүмкіндігіне ие болады».

 «Қазақстанда түрік садағына қызығушылық танытатындардың саны көп»

Садақ ату бойынша бапкер, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия университетінің тарих бөлімінің 4  курс студенті Ердәулет Жаханша түрік садағының тарихына деген қызығушылығына байланысты Ыстамбұлда өткен садақ ату курсына жазылғанын және бағдарламаның өте пайдалы болғанын айтты.

Жаханша Түркияда садақ атуға машықтанып елге қайтқаннан кейін «үйренгендерімді өз елімде басқаларға үйретудемін. Қазақстанда түрік садағына қызығушылық танытатындардың саны көп. Курсқа қатысушылардың саны алдағы уақытта одан әрі арта түседі деген ойдамын» деді.

Жаханша сондай –ақ, садақтың түбі бір түркі халықтарының ортақ мирасы екенін де ерекше айта отырып, «Түрік садағының келешекте халықаралық спорт түріне айналатынын үміт ететінін» айтты.

Курсқа қатысушы Айзада Ғаббас түрік садағы туралы мәліметті сериалдар мен кітаптан алғанын, садақ курсы туралы хабарландыруды көрген кезде дереу курсқа жазылып, осы спорт түрін жақыннан тану мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

Ғаббас түрік садағын атудың оңай спорт түрі емес екенін де сөздеріне қоса отырып, Қазақстанда садақ атуды үйренуге мүмкіндік берілгеніне қуанышты екенін де айтты.