Астанада “15 шілде: Ұлттық рухтың салтанаты” атты фото-көрме өтті

06/12/2016

Үстіміздегі жылдың 15  шілдесінде Түркия Республикасының конституциялық құрылымына қарсы жасалған «Фетхуллах Гүлен» (ФЕТӨ)  лаңкестік ұйымының төңкеріс әрекеті кезіндегі оқиғаларды және бұл әрекетке тойтарыс берген түрік халқының қаһармандығын баяндайтын «15 шілде: Ұлттық рухтың салтанаты» атты фото–көрменің ашылу рәсімі Астанада 3  желтоқсанда болды.  Атап өту керек көрмеге қойылған фотолар Анадолы ақпарат агенттігі тарапынан түсірілген.

Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі, Астана Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA), Анадолы ақпарат агенттігі және мемлекеттік теле-радио компаниясы «ТРТ» Астана өкілдігі тарапынан ұйымдастырылған фото-көрменің ашылу салтанатына Түркия Республикасының Астанадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык мырза және түрік ұйымдарының өкілдерінен басқа көптеген қонақтар қатысты.  Фото-көрменің ашылу салтанатында елші  Невзат Уянык мырза: “Түрік халқы 15 шілдеде ФЕТӨ тарапынан ұйымдастырылған төңкеріс әрекетіне қарсы шығып, жанын пида етуге тайсалмастан тойтарыс берді. Фото-көрменің мақсаты ФЕТӨ-нің өте қауіпті екенін Қазақстан халқына дұрыс түсіндіріп жеткізу”,- деді. Елші Невзат Уянык: “Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 шілде күні Президентімізге жолдаған жеделхаты мен 5 тамызда төңкеріс әрекетінен кейін Түркия Республикасына ресми іс-сапармен келген шет елдік алғашқы Президент ретінде бауырлас Қазақстан халқының біздің қиын күндегі досымыз екендігін дәлелдеді”,- деп сөзін аяқтады.

Екі күнге жалғасқан фото -көрмеге Астана тұрғындары үлкен қызығушылық танытты.